«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

БЮДЖЕТІН КӨБЕЙТПЕЙ, БҮЙІРІ ШЫҚПАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін халыққа арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтерген болатын. Бұл жүйе 2021 жылдан бастап енгізіліп, мемлекеттік басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы маңызды қадамның алғышарттары қаланды. Содан бері елімізде 2334 ауыл әкімі сайланыпты. Алғашқы тәжірибеден-ақ сай­лаудың ашықтығы қамтамасыз етіліп, ауылдың дамуына, әлеу­меттік мәселелердің шешілуіне оң әсер ете бастады. Әкімдер …

БЮДЖЕТІН КӨБЕЙТПЕЙ, БҮЙІРІ ШЫҚПАЙДЫ Read More »

ЖЕЛБІРЕСІН КӨК БАЙРАҚ

Жоғары нәтижелерімен жанкүйерлерін қуантып жүрген жерлесіміз Ербол Хамитов Италияда өтетін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұстап шығады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көк байрақты салтанатты түрде табыс етті. Бұл – спортшының халықаралық аренадағы жетістіктеріне берілген жоғары баға әрі үлкен сенімнің белгісі. Ербол Хамитов қазіргі таңда Польшадағы әлем кубогы ке­зеңінде де ел намысын абырой­мен …

ЖЕЛБІРЕСІН КӨК БАЙРАҚ Read More »

«АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚ АЗАЮЫ ТИІС»

– Анас Ахатұлы, Қызылжар өңіріне жұмыс сапары барысынан нендей ой түйдіңіз, қандай қоры­тынды жасадыңыз? – Бұл – қасиетті Мағжан елі­не бірінші келуім емес. Мұның алдында бірнеше рет жолым түс­кен болатын. Осы сапарда ауыл­дарды дамыту бағдарламасы ая­сында сайлаушылармен жүз­десіп, жергілікті жерлердегі жақ­сы тәжірибелермен қоса пробле­малық жайттармен де кеңінен таныстым. М.Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақстан универ­ситетінде Қазақстан-Қытай бір­лескен …

«АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚ АЗАЮЫ ТИІС» Read More »

ЖАЛЫН ЖАЛМАҒАН ТАҒДЫРЛАР

Адамның басына қайғы келейін десе лезде екен. Жан баласын өмір бойы тірнектеп жиып-терген мүлкінен, тіпті өмірінен айыру үшін сүт пісірімдей уақыт та жетіп жатыр. Қыс келсе болды елімізде өрт оқиғалары жиілейді. Соңғы күндері Қызылжар жұртшылығы қаралы хабардан көз аша алар емес. Оқыс оқиға кезінде жан тап­сырғандарды санасақ, жаңылып кететіндейміз. Суға кетіп, апатқа ұшырап, айдың-күннің аманын­да …

ЖАЛЫН ЖАЛМАҒАН ТАҒДЫРЛАР Read More »

ЕЛДІКТІҢ ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІРЛІК ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

Сыр бойындағы сәу­летті шаһар, ұлт та­рихының қазыналы қаласы Қызылордада бесінші мәрте шақы­рылған Ұлттық құрыл­тай отырысы жоғары деңгейде өтіп, ел тағ­дырына қатысты мән-маңызы зор мәселелер мен міндеттер талқыға салынды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Құрылтай мүшелері алдында сөз сөйледі. Еңбекпен көркейген өңір Бұған дейін ұлт ұясы Ұлытауда, түбі бір түркі жұртының қара ша­ңырағы Түркістанда, айбарлы …

ЕЛДІКТІҢ ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІРЛІК ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ МАҢЫЗДЫ Read More »

УАҚЫТПЕН САНАСУДЫ БІЛМЕЙДІ

Ақ қайыңдар өлкесінің қытымыр қысы даламызға сән беріп, табиғатты ажарландырып қана қоймай, кейде «ұшпадай бөркін оқшырайтып киіп» алып әлек салатынын жерлестеріміз жақсы біледі. Кейде төпелеп жауған қар мен ұйытқыған боран коммуналдық қызмет мамандарын да әбігерге салып жатады. Көшелердің толассыз жауған ақ ұлпадан лезде тазартылуы – қарапайым еңбек адамдарына жүктелген міндет. Бұл жұмыстың қызығымен қатар қиындығы …

УАҚЫТПЕН САНАСУДЫ БІЛМЕЙДІ Read More »

«ШЫНДЫҚТЫ ЖАЗБАЙТЫН ЖУРНАЛИСТ – ЖУРНАЛИСТ ЕМЕС»

– Кәрібай Иманжанұлы, сіз Парламент Мәжілісінің VI шақы­рылымда депутат болдыңыз. Ха­лық қалаулысы ретінде ел тұр­ғындарын алаңдатқан қандай мәселелердің оңынан шешілуіне ұйытқы болдым деп нық айта ала­сыз? – Депутаттың басты міндеті – заң шығару процесіне қаты­су. Мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаты, кейінірек хатшысы ретінде ең­бек, жұмыспен қамту, көші-қон мәселелеріне қатысты 4 заң жо­басын талқылау жөніндегі жұ­мыс …

«ШЫНДЫҚТЫ ЖАЗБАЙТЫН ЖУРНАЛИСТ – ЖУРНАЛИСТ ЕМЕС» Read More »

«АПАМНЫҢ ШАЙЫ» ШАЙ ЕМЕС, БОЯУ ЕКЕН…

Шай – жер бетінде ең кең тараған сусындардың бірі. Бүгінде дүниежүзінде шайдың мың жарымнан астам түрі өндіріледі екен. Аталған сусынның жиі ішілетіні соншалықты, бүгінде бір де бір үйдің дастарқанын сүт қосылған қою шайсыз елестету мүмкін емес. Біз сөз етіп отырған сусын көптеген ұлттардың мәдениетіне өзгеріс әкеліп, тіпті, тарихи оқиғаларға себеп болды. Адам өмірінде елеулі өзгеріс …

«АПАМНЫҢ ШАЙЫ» ШАЙ ЕМЕС, БОЯУ ЕКЕН… Read More »

ҮШ ЖҮЗДЕЙ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ

Өңірімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген, ауыстыруды қажет ететін 33 елді мекен, 300-ден астам көше мен 13 ауылдық округ атауы бар. Олардың қатарында Куйбышев, Киров, Ленин ауылдық округтері, Буденное, Чапаево, Красный Октябрь, Комсомолец сияқты елді мекендер, сондай-ақ Ленин, Комсомол, Карл Маркс, Совхозный, Советский, Октябрьская, Калинин, Пионерская, Коммунистическая, Комсомольская, Киров, Куйбышев секілді көше атаулары кездеседі, – деп хабарлады …

ҮШ ЖҮЗДЕЙ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ Read More »

ӘУЕЖАЙҒА ТЕМІР ЖОЛ ТАРТЫЛМАҚ

Петропавл әуежайын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізіп, көлік торабын әмбебап ету үшін ұзындығы 6 шақырымдық темір жол тармағын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Петропавл әуежайының директоры Абыл Кекілбаевтың айтуынша, бұл қадам арнайы салықтық режімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, логистикалық инфрақұ­рылымды дамыту үшін инвесторларды тар­туға жол ашады. – Темір жол тармағын салу – орта мерзімді жоспар. …

ӘУЕЖАЙҒА ТЕМІР ЖОЛ ТАРТЫЛМАҚ Read More »

ЕСКІ КӨЛІК – ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН

Қазақстанда ескі көлік өте көп. Ұлттық статистика бюросы көрсеткендей, елдегі барлық көліктің жартысына жуығының шыққанына 20 жылдан асқан. Ал он жылдан асқан көліктердің үлесі тіпті 68 пайызға жеткен. Осының салдарынан елдегі жеңіл автокөліктердің «орташа жасы» – 22 жыл. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш – 13,9 жыл, Еуроодақта – 11,8 жыл, АҚШ-та – 11,9 жыл, Германияда – …

ЕСКІ КӨЛІК – ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН Read More »

ОРЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ ОРНЫНА ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН НЕГЕ ОҚЫТПАЙДЫ?

Ұлттың айнасы – әдебиет. Әр халықтың мінезі, тарихи жады, ұжымдық санасы, мәдениеті мен дүниетанымы төл әдебиеті арқылы көрінеді. Соған сай жас оқырман қай елдің әдебиетін оқыса, сол ұлтқа тән құндылықтар мен көзқарастарды бойға сіңіреді. Бүгінгідей әңгіменің бәрі әлеуметтік желіде айтылатын, салмақты ойдың орнын майы жоқ сорпадай сылдыр сөз басқан қоғамда адам бойында құндылықтар жүйесінің дұрыс …

ОРЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ ОРНЫНА ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН НЕГЕ ОҚЫТПАЙДЫ? Read More »

«ҚАЗАҚ СӨЗ ТЫҢДАУДАН ҚАЛЫП БАРАДЫ»

– Жангелді Уақпанұлы, жыл­қы жылының есігімізден енгеніне бірнеше күн болды. Жаңа жылдан қандай өзгерістер күтесіз? – Кез келген адам жаңа жыл­дан жақсылық күтері сөзсіз. Жылқы қазақтың төрт түлігінің ішіндегі ең қадірлісі ғой. Был­тыр облыс орталығының кіре­берісінде Ботай ескерткіші бой көтеріп, ата-бабаларымыздың жылқының төл иесі болғанын бекіткендей болдық. Жаңа жыл­дың ауқымды өзгерістерге толы болатынын Президентіміз де …

«ҚАЗАҚ СӨЗ ТЫҢДАУДАН ҚАЛЫП БАРАДЫ» Read More »

«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ

Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдығы мен 2026 жылға баспасөзге жазылу науқанына орай ұйымдастырыл­ған «Газетке жазылып, iPhone ұтып ал!» акциясы өз мәресіне жетті. Шартқа сай газетке жазыл­ған оқырман ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды. Су жаңа «iPhone» иегері 31 желтоқсан күні тікелей эфирде анықталды. Жазушы, журналист Жарасбай Сүлейме­нов жеңімпаздың есімін лототрон арқылы анықтады. Бәріміздің көкейімізде сый­лықты газеттің …

«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ Read More »

АДАЛ ЕҢБЕК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді түрде жүргізілетін іс-қимыл жергілікті билік органдары қызметінде негізгі басымдықтардың бірі саналады. Қоғамды жегідей жеген кеселді түбегейлі еңсеру – бір жолғы науқан емес, осы себепті заңдылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар бір сәт те босаңсымауы тиіс. Облыста сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылды …

АДАЛ ЕҢБЕК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ Read More »

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕН ЖАСТАР КӨП

Бүгінде Қазақстан жастарының саны 5,8 миллион адамға жетті. Олар ел халқының үштен бір бөлігін құрайды. Бастамашыл, дарынды, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жастар – ел ертеңін қалыптастыратын негізгі буын. Жастарды қолдау мен оларды теріс әдеттерден қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында жастарды елдің стратегиялық ресурсы ретінде атап, «Адал азамат» тұжырымдамасы …

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕН ЖАСТАР КӨП Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына кең көлемді сұхбат берді. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашы­лығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жыл­дан бері тұрақты шығып келеді. …

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ Read More »

ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР ЖЫЛЫ

Бірер күннен кейін та­рих қойнауына енетін жылан жылына талдау жасайтын болсақ, толым­ды табыстарымыз бен жеткен жетістіктеріміз аз емес. Негізгі салаларда экономикалық өсімге қол жеткізілді, оның ішін­де республика бойынша өнеркәсіп және өңдеуші секторда – бірінші, сүт өндірісінде – екінші, ауыл шаруашылығы мен құ­рылыс жұмыстарында– үшінші, көтерме саудада бесінші орынға табан тіреуіміз – маңдай тердің ақталғаны, қажырлы …

ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР ЖЫЛЫ Read More »

ТАЙЫНШАНЫҢ ТАБИҒИ МАЙЫ

Тайынша – өңірдегі алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Биыл өндіріс көлемі 42 млрд. теңгеден 75 миллиардқа жеткен. Аудан өндірісінің облыстағы үлесі – 10,5 пайыз. Мұндағы жаңа экономикалық аймақтың да игі әсері көп. Тайыншадағы кей серіктестіктердің тарихы әріден басталады. Мәселен, мұндағы Петровка ауылындағы өндіріс орны 1957 жылы құрылған. Тоқтап қалған зауыт жұмы­сы 1997 жылы қайта жанда­нып, «Петровское …

ТАЙЫНШАНЫҢ ТАБИҒИ МАЙЫ Read More »

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ НЫҒАЯДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Бекежан Жә­кеевпен кездесті. Кездесу бары­сында Петропавл қаласының әуе­жайын өңірлік мультимодальды логистикалық хабқа айналдыру жо­басын іске асыру мәселесі қарастырылды. «Өңіріміздің Ресей Федерация­сымен шекаралас болуы, негізгі көлік-логистикалық бағыттардың тоғысында орналасуы жобаны іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Петропавл әуежайының қолданыс­тағы инфрақұрылымы жүк, әуе рейстерін қабылдауға, жүктерді қайта тиеуге және терминалдық …

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ НЫҒАЯДЫ Read More »