«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

COVID-19: Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты мәлімдеме жасады. Екпе 2021 жылдан егіле бастайды.

Қазір ұйым екпені әлем бойынша қолжетімді ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. “Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады”, – деп баса айтты халықаралық ұйым мамандары.

Сондай-ақ, ұйым өкілдері коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың тез оңалуына көмектесетін кеңес әзірледі. Оңалту жаттығулары демікпені тоқтату, физикалық жаттығулар, сөйлеу мен жұтыну функцияларын қалпына келтіру және сырқаттан кейінгі психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

28 беттен тұратын кеңестер тізімінде физикалық күйіңізді анықтауға көмектесетін жаттығу бар. Егер тұтас сөйлемді үзбей, бір деммен айтып шыға алсаңыз, физикалық жүктемені арттыруға болады.

Егер үзіп-үзіп айтсаңыз, жағдайыңыз қалыпты, жаттығуларды жалғастыра беріңіз дейді мамандар. Ал тынысыңыз тарылса жаттығуды тоқтатқан жөн. Алайда бұл кеңестер медициналық оңалту бағдарламасын толық алмастыра алмайды, тек сеп болады дейді денсаулық сақтау ұйымы.


https://egemen.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp