Халықаралық мұғалім күні қарсаңында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында “Coworking орталығы” ашылды. Мұнда сан алуан әдебиет, жұмсақ орындықтар, жеке және бірлесіп жұмыс істеуге арналған орындар бар. Сонымен қатар келетін адамдар жылдамдығы жоғары ғаламтор желісіне қосылып, оның тиімділігін пайдалана алады.
Бұл орталықтың компьютерлерінен бірегей электрондық басылымдарды, бейнесабақтар, дәрістер және баяндарды көруге болады. Қажетті ақпаратты іздеу барысында мұндағы дереккөздердің сілтемелері және 3 D принтердің көмегі зор екенін айта кету қажет.
Салтанатты шара барысында филиал директоры Алма Мырзалинова қазіргі кезде “Coworking орталығы”-ның қоғамның дамуы үшін маңызын тілге етіп, оның болашағы зор болатынына тоқталды. Себебі, бүгінде кәсіби тәжірибе алмасуға арналған тренингтер, семинар және басқа да қызықты әрі тартымды шараларды өткізуде мұндай орталықтардың пайдасы мол.
Жұмыс барысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген осы мекеменің бірнеше қызметкері өз кезегінде грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, өңіріміздің аудандарындағы шағын жинақты мектептердің бес ұстазы “Білімді ел – Образованная страна” республикалық қоғамдық-саяси газетіне бір жылға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды.
Шараның соңы шағын концертке ұласты.
http://www.ipksko.kz,
Сурет http://www.ipksko.kz сайтынан алынды.