Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 22 қазан күні өңір аумағында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://st.depositphotos.com сайтынан алынды.