Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 18 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде тұман түсіп, боран соғуы ықтимал.Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.