Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 17-18 қазан күндері өңір аумағында солтүстік-батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 және 25 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://www.google.com сайтынан алынды.