
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 4-5 ақпан күндері оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.