
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 15 ақпан күні соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде боран соғып, тұман түсуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://www.ktk.kz/ сайтынан алынды.