
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 7-8 сәуір күндері оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде қарлы жабыр мен қар жауып, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://liter.kz/ сайтынан алынды.