Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 9-10 сәуір күндері оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://kaztag.info/ сайтынан алынды.