Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 16 сәуір күні оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде тұман түсіп, жаңбыр жаууы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет: http://ibirzha.kz/