Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 29-30 сәуір күндері оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, тұман түсуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.