«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Facebook» денсаулыққа несімен қауіпті?

«Facebook»-тің алгоритмдері қолданушыларға медицина туралы жалған ақпараттың мазмұнын 3,5 миллиард рет көруге мүмкіндік берді.

«Avaaz» белсенділер ұйымының есебінде денсаулыққа қатысты жалған ақпараттың 10 парағы әлемдегі ең жақсы 10 медициналық мекеменің балама мазмұнынан төрт есе көп қаралғаны анықталды. Есепте әлеуметтік желінің өткен жылдағы деректері зерттелді және дезинформациялық мазмұндағы пікірлердің ең көбі осы жылдың сәуірінде тіркелген. 
— «Facebook»-тің алгоритмі денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Марк Цукерберг пандемия кезінде сенімді ақпарат беруге уәде берген еді, бірақ оның алгоритмі керісінше көрсетіп, «Facebook»-тің 2,7 миллиард қолданушысын денсаулыққа қатысты және медицинаға байланысты қате ақпараттарды көп таратқан, — деді «Avaaz» өкілі Фади Куран.
«Facebook» компаниясы «Avaaz»-дың жалған ақпарат таратуды шектеу мақсатын қолдайды» деп жауап берді. Бірақ олардың нәтижелері әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратуды шектеу қадамдарын көрсетпейді деп санайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Facebook» коронавирус туралы жалған ақпаратпен байланысты 7 миллион жарияланымды жойған болатын.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp