«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“GGG”-дің ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы белгілі болды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бұрынғы чемпионы келесі жекпе-жегін “WBC” нұсқасының “уақытша” чемпионы белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарлоға қарсы өткізетін болды. Ал бұл кездесудің жеңімпазы мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жекке шығуға міндетті үміткер болады.

Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы “WBC” және “WBA” тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альвареске келесі жекпе-жекте чемпиондық атағын еркін қорғауына рұқсат берді. Альварестің промоутеры Оскар Де ла Хойяның айтуынша, мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін үстіміздегі жылы желтоқсан айының 15-сі күні өткізеді. Оның қарсыласы 2015 жылы “GGG”-ден жеңілген канадалық Давид Лемье болуы мүмкін.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp