«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ

Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдығы мен 2026 жылға баспасөзге жазылу науқанына орай ұйымдастырыл­ған «Газетке жазылып, iPhone ұтып ал!» акциясы өз мәресіне жетті. Шартқа сай газетке жазыл­ған оқырман ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды. Су жаңа «iPhone» иегері 31 желтоқсан күні тікелей эфирде анықталды. Жазушы, журналист Жарасбай Сүлейме­нов жеңімпаздың есімін лототрон арқылы анықтады.

Бәріміздің көкейімізде сый­лықты газеттің шын жанашыры, адал оқырманы иеленсе екен де­ген тілек болғаны рас. Ұтыс нәти­жесінде редакция сыйлығы Шал ақын ауданының тұрғыны Жанна Жанғаринаға бұйырды. Жана­шыр оқырманымызға заманауи смартфонды басылым басшысы Ербақыт Амантайұлы табыстады.

«Ризашылық сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «iPhone» ұтып алдыңыз деген ха­барлама келгенде өз көзіме өзім сенбедім. Жүздеген адамның іші­нен менің бағым жанады деп ой­ламаппын. Газетті Водопровод­ный ауылында тұратын ата-ана­ма жаздыртқанмын. Әкемнің жасы сексенге жақындаса да мерзімді баспасөзден қол үзген емес. Редакция ұжымына мың да бір алғыс айтамын», – деді Жан­на Жанғарина.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp