«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

JARYSTAR KÚNDELIGI

Нұр-Сұлтан қаласында “Барыс” хоккейшілері құрлықаралық хоккей лигасының біріншілігі аясында Магнитогорскінің “Металлургын” қабылдады. Бұл ойында қарсыластар 1-2 есебімен басым түсті. “Барыс” бүгін өз алаңында Екатеринбургтің “Автомобилисін” қабылдайды. Елордалық хоккейшілер Шығыс конференциясында төртінші орында келеді. 

 

 


Петропавлдың “Қызылжар СҚ” командасы футболдан бірінші лигада көш бастап келеді. Жерлес футболшылар 3 қараша, жексенбі күні ел біріншілігінің соңғы ойынында Қызылорданың “Байқоңыр” командасын өз алаңында қабылдайды. Бұл кездесуде жеңіске жетсе, жерлестеріміз келесі жылы премьер-лигада өнер көрсететін болады. 

 

 

 

Жергілікті “Құлагер” хоккей командасы өз алаңында Павлодардың “Ертісіне” бірінші ойында 2-5 есебімен есе жіберсе, келесі кездесуде ойсырата жеңді, есеп 5-0. Енді жерлес хоккейшілер 2-3 қараша күндері “Бейбарыс” командасын қабылдайды.

Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы жəне алты дүркін əлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыс нəтижесінде қазақстандық балуандар 2 алтын жəне 4 қола медаль еншіледі.

 

Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми сайтында спортшылар мен елдердің жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. Жаңартылған Олимпиадалық рейтингте Қазақстан 19-шы орында тұр.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 9 қараша күні АҚШ-тың Фресно қаласында өтетін жарыста канадалық Альберт Онолуносемен күш сынасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp