«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

JAS QYRANNYŃ ENSIKLOPEDIASY

Шал ақын ауданындағы Кеңес ауылында 1941 жылы дүниеге келген Шапет Қоспанов Алматы зооветеринариялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітіріп, еңбек жолын 22 жасында аға зоотехник болып бастады. Түрлі жылдары “Сенжар” кеңшарының директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық кеңшарлар тресінде аға зоотехник болып жұмыс істеді. Қазақстан кеңшарлар министрлігі мал шаруашылығы басқармасын басқарып, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстық партия комитеттерінің бірінші және екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 

Шапет Қоспановтың ел игілігі үшін атқарған ауқымды істері еленіп, үш мәрте Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp