
Зура КЕШИЛЕВА
Зура Бостанқызы Кешилева – ғалым, медицина ғылымдарының докторы. 1940 жылы Мамлют ауданындағы Мамлютка қаласында дүниеге келген ол – Қазақ КСР ең-бек сіңірген дәрігері, Америка дерматологтар академиясының мүшесі.
Еңбек жолын Қазақ тері-венерологиялық аурулары ғылыми-зерттеу институтының кіші қызметкері болып бастаған жас маман көп ұзамай аға қызметкерлікке, одан кейін директорлыққа дейін көтерілген.
Ол – алты монографияның, жоғары медициналық оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған екі оқу құралының, 11-ден астам патенттің авторы. Еліміздегі медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін “Құрмет” орденімен марапатталып, Америка биографиялық институтының “2011 жыл аруы” халықаралық титулы мен әлем комитеті кеңесінің “Әлемнің алтын медалі” төсбелгісін иеленді.