«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Júrekten shyqqan jyly sóz

Көңіл толқыны

Қауырсын қанат балғын шә­кірт­тердің хаттарын редак­цияға Бибігүл Шамилова жол­дап­ты. Пси­холог мұғалімнің ай­туына қа­ра­ғанда, Благове­щен­ка қазақ мек­тебінде оқи­тын 271 балаға 44 мұ­ғалім са­палы білім, саналы тәр­бие бе­румен айналысады. Жібек Мыр­затаева жетекшілік ететін ұжым – мақтаулылар сана­тын­да. Біз мектеп бітіргелі отырған жет­кіншектердің ұстаздары жайлы жүрек­жар­ды толғаныстарын, ыс­тық ле­біздерін қаз-қалпында бе­руді жөн көрдік.

“Менім сүйікті ұстаздарым көп. Солардың бірі – Арай Жамбыл­қызы. Апай 10-сыныпта Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәнде­рі бойынша сабақ берді. Бізге еш­қашан дауыс кө­теріп, ұрысқан емес. Сабақтан тыс кездерде де бізбен көбірек болуға тырысады. Ұлағатты ұстаз деген атқа әбден лайық.

Өкініштісі сол, апайымыз жұ­мыс бабымен басқа жаққа көшіп кетті. Жанарымыз жасқа толып, кеу­демізді ащы өксік қысты. Ең қиыны, қимайтын адаммен қош­тасу екен”.

Гүлзат ҚҰСАЙЫНОВА.

 

Қоштасатын күн жақын

“Ұс­таз” деген сөздің астарында терең мән-мағына жатқанын есейе келе білдік. Білім, ғылым, ма­хаббат пен сүйіспеншілік, мейі­рімділік пен бауырмалдылық, та­лапшыл­дық пен турашылдық – бә­рі аяулы мектеп қабырғасында қа­ланып, сүйікті ұстаз-бағбандары­мыз ала жаздай жер тырмалап, дән сеп­кен диқан қауымына ұқсап бір тын­бай еңбектенеді. Соңғы сы­ныпта оқып жүргендіктен бе, қат­ты ба­уыр басып қалғанымды енді аң­ғардым. Соңғы қоңырау үні жа­қындап, мек­теппен, ұстаздарым­мен қимас қош­тасуды ойласам, жү­регім сыз­дайды. Жақсы адам­дардан білім-тәрбие алғанымды мақтан етемін.

Айдана ҒАЛЕЛ.

 

Екінші ата-анам

“Мұғалім екінші ата-анаң іспет­тес. Ол – мектеп атты қасиетті ме­кенде қамқор болып, бар біл­генін бізге үйрете білетін мейірім­ді жандар.

Менің алғашқы ұстазым – Ме­руерт Әбілова тәтей. Бірінші сы­ныптан үшінші сыныпқа дейін Ки­ров ауылындағы мектепте оқы­дым. Осы аз уақыт ішінде мені көп нәрсеге үйретті. Осы кісінің арқа­сында сауат ашып, хат таныдым. Жас ұрпақты – Қазақстанның бо­ла­шақ иелерін білім мен ғылымға үйретуден еш жалықпайтын ұс­таз­дар қауымына басымды ие­мін!”.

Сабина ЕСЛӘМБЕК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp