Тұңғыш Президент күні қарсаңында Петропавлдағы Оқушылар сарайы мен Теннис орталығында робот техникасын құрастырушылар жарысы өтеді.
«Қазробоспорт-2018» республикалық чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден робот техникасымен айналысатын 250-ге жуық балалар мен жасөспірімдер келеді деп күтілуде. Чемпионат барысында дөңгелек столдар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасады.