«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelık qūttyqtau

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз әрдайым Отанын қорғаушыларды, батыл және ержүрек жауынгерлерді мақтан еткен.

Отанды қорғау – бағзы заманнан бері қасиетті борыш болып саналады. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған еліміздің Тәуелсіздігін алғаннан кейін ол ерекше мәнге ие болды.

Бүгіндері шекарасы шегенделген, дербес, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстанды қорғау әрқайсымыздың асыл парызымыз болып саналады.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің Қарулы Күштері өзінің қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтады. Бүгіндері біздің армиямыз жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.

Тәуелсіз елдің әскері қатарындағы қызмет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.

Құрметті әскери қызметшілер, армияда қызмет еткен немесе осы күндері азаматтық борышын өтеп жүрген азаматтардың барлығына ерлік пен табандылықтың тамаша мерекесінде зор денсаулық, рух сергектігін, бақыт пен бейбітшілік, жоғары жетістіктер мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp