Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Алғы шепте жауды талқандаған майдангерлердің, тылда Жеңіс күнін жақындатқан барлық тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен еңбегі туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Біздің қасиетті парызымыз – ардагерлерге үнемі қамқорлық жасау, жастарды Жеңіс жауынгерлерінің батырлық үлгісінде тәрбиелеу, өткен күндерді ұмытпау және соғыс туралы шындықты үнемі жадымызда ұстау.
Кеңес әскерлері мен тыл еңбеккерлерінің қаһармандық ерлігі келешек ұрпақ үшін – өшпес даңқ.
Ондаған жылдар өтер, ұрпақтар алмасар, бірақ Ұлы Жеңіс ұлттық мақтаныштың, әскери даңқ пен халқымыздың ерлігінің символы ретінде елдің батырлық шежіресінде мәңгі сақталады.
Біздің ардагерлеріміз – Ұлы Жеңісті жақындата түскен нағыз қаһармандар! Олардан Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен жанқиярлықты, қайсарлық және ерлікті үйренеміз.
Жеңімпаз жауынгерлерге тағзым етеміз және шексіз алғыс айтамыз. Біздің және одан кейінгі ұрпақтарымыздың бейбіт өмірі, мейірімі мен жасампаздығы отандастарымыздың жауынгерлік ерлігі мен батырлығының лайықты жалғасы болсын.
Баршаңызға шын жүректен бейбітшілік, зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Мерекелеріңізбен! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.