«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelik quttyqtaý

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Биыл Ата Заңымыздың 25 жылдығын атап өтеміз.

Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заң қазақстандықтардың өміріне, құқықтары мен бостандықтарына жоғары құндылықтар ретінде кепілдік бере отырып, еліміздегі тұрақтылық пен дамуға тың серпін берді.

Конституция ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді жүргізудің берік іргетасына айналды және іс жүзінде ондағы идеялардың дұрыстығы мен өміршеңдігін дәлелдеді.

Конституциялық нормалардың зор әлеуеті біздің қоғамның бүгінгі жетістіктері мен табыстарының негізіне айналды. Әрине, мұның бәрі Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының арқасында жүзеге асты.

Еліміздің табысты және серпінді дамуына солтүстікқазақстандықтар да лайықты үлес қосуда. Біздің өңір қарқынды дамып келеді, мұнда жайлы өмір сүруге қажетті барлық жағдайлар жасалуда, мектептер мен ауруханалар салынуда, медициналық қызметтердің сапасы жақсаруда, жаңа спорт, мәдениет және демалыс нысандары пайдалануға берілуде. Ең бастысы, қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісім нығая түсуде.

Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр. Конституция күні жай ғана мереке емес. Бұл – республика азаматтарының әрқайсысының денсаулығына, бақытты өміріне және жаңа биіктіктерді бағындыру мүмкіндігіне сенім берген күн.

Сіздерге шын жүректен бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, келісім және амандық тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp