«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“NUR OTAN” – БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Облыс әкі­мі Құмар Ақсақалов­тың төраға­лығымен Оқушылар са­ра­йында өткен “Nur Otan” партия­сы об­лыстық филиалы саяси ке­ңесінің отырысы “Сенім. Диалог. Бо­ла­шақ­қа нық қадам” деген та­қырыпта өрбіді. Жиынға партия мү­шелері, мем­лекеттік қызметшілер мен бұ­қа­ралық ақпарат құралда­рының өкілдері қатысты.

Отырыста облыс әкімінің орын­басары Асқар Сақыпкереев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
– “Nur Otan” партиясы Елбасы­ның басшылығымен аз уақыттың ішін­де еліміздегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық ре­формаларды жүзеге асыруға атса­лы­сатын күшке айналды. Біздің басты міндетіміз – өмір сапасы мен тұр­ғындардың әл-ауқатын жақсар­ту, өңіріміздің экономикалық әлеуе­тін нығайту, қоғамның тұрақты­лығын қамтамасыз ету, – дей келе Асқар Сақыпкереев өңіріміз үшін ең не­гізгі басымдық агроөнеркә­сіптік ке­шенді дамыту екенін атап өтті.
Өткен жеті айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 94 миллиард теңгені құрады. Соңғы үш жылда агроөнеркәсіп саласына 200 мил­лиард теңгенің инвестициясы тартылған. Минералды тыңайтқыштарды сіңіруде біздің өңір респуб­ликада алдыңғы қатарда. Маши­на-трактор паркі жаңартылып, жо­ғары сапалы заманауи техникалар сатып алынуда. Жыл басынан бері 23 миллиард теңгеге бір мыңнан ас­там техника сатып алынғанын атап өткен жөн.
Саяси кеңес отырысына төрағалық еткен өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдер мен заңдардың қабылдануы “Nur Otan” партиясының қатысуымен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
– Кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының жұмысын жаңғырту жөнінде сөз қозғап, партияның сай­лауалды бағдарламасы мен съез­дер­де қабылданған шешімдердің орындалу барысына тоқталды. Сон­дықтан біз партиялық құрамға алда тұрған ауқымды міндеттерді жеткізуіміз қажет. Партияның жұ­мы­сын жаңғырту – жергілікті жерде әлеуметтік маңызға ие қоғамдық-саяси мәселелерді шешуге мүмкін­дік береді, – дей келе Құмар Ақса­қалов Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті “Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – “Nur Otan” партиясы­ның 7 серпіні” атты пар­тия жұмы­сын жүйелі жаңғырту бағдар­ла­ма­сын ұсынуда партияның белсен­ді мүшелерін топтастыру, жемқор­лықпен күресті күшейту және ла­йықты емес мүшелерді пар­тиядан шығару үшін шаралар қа­был­дауды, барлық деңгейде партия ор­ган­дарының әлеуетін мейлін­ше толық пайдалануды, биліктің барлық дең­ге­йін­де партиялық жауап­керші­лікті арттыруды тапсырғанын айт­ты. Оты­рыста өңір басшысы ха­лықпен нақты жұмыс істеу қағида­тын ен­гізіп, қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмысты ұйымдас­тыру­ға ерекше назар аудару қажет еке­нін айтып, кейбір бастауыш пар­тия ұйымдарының жұмысын сынға алды.
– Өткен жарты жылдың қорытын­дысы бойынша партиямен бай­ланысы үзілген, жарғылық шарт­тар­ды орындамаған мың жарым адам партия қатарынан шыға­рыл­ды. Партиялық ұйымдарға бұл жұ­мысты одан әрі жалғастыру қажет. Сонымен қатар түрлі салаларда бастауыш партия ұйымдарының мү­шелері тең дәрежеде емес еке­нін аңғарамыз. Партия мүшелері­нің басым көпшілігі бюджеттік мек­е­мелердегі бастауыш партия ұйым­дарының құрамында. Өңірде 500 және одан да көп адам еңбек ететін ірі кәсіпорындар бар. Алай­да, бұл кәсіпорындарда партия мү­шелерінің саны көңіл көншітпейді, – дей келе Құмар Ақсақалов Киров атындағы зауытта 600-ден астам адам жұмыс істесе, тек соның 42-сі партия мүшесі екенін атап өтті. Ал Петропавл ауыр машина жа­­сау зауытында мың жарым адам еңбек етсе, тек алтауы ғана партия мүшелігіне өткен.
Жергілікті мәслихат депутаттарының жұмысына көңілі тол­майтынын жеткізген өңір бас­шы­сы тұрғындардың мәселелерін ше­шуде олар белсенділік танытпай­тынына қынжылыс білдірді. Мәселен, 2018 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 13 депутат сайлаушылар­мен бірнеше мәрте ғана кездескен. Оның өзінде кездесулер аудан ор­талығында ғана өткен.
– Егер тұрғындармен сөйлеспе­сеңіздер, жағдайды қайдан біле­сіз­­дер? Депутаттар дұрыс жұмыс іс­теп, кез келген мәселенің шеші­луіне атсалысуы керек. Сонда ғана тұрғындар тарапынан қолдауға ие бо­ласыздар, – деді Құмар Ақса­қалов.
Өткен жартыжылдықта бірқа­тар мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, об­лыс­­тық тәртіптік кеңесте он екі іс қа­ралған. Ал партиялық бақылау қорытындысы бойынша бес мем­ле­­кеттік қызметші ғана партия қа­та­рынан шығарылған.
Кеңесте “Ардагерлерді ардақ­тайық”, “Бақытты отбасы”, “Кедергісіз келешек”, “Жастар – Отанға” атты әлеуметтік жобалар мен “Рухани жаңғыру”, “Туған жер” бағдарламаларын жүзеге асыруға ба­сымдық берілетіні айтылды. Ал­тын­бек Сапаров, Геннадий Зенчен­ко, Иван Фисенко, Анатолий Ра­фальский, Біржан Шәймерденов сияқты азаматтардың ілкімді істері туған жерге жанашырлықтан туға­нын тілге тиек еткен жөн. Сон­дықтан туған жердің дамуы үшін ауыл шаруашылығы құрылымда­ры бас­шы­ларының әлеуметтік жа­уапкер­шілігін арттыру мәселесі оты­рыста ескерусіз қалған жоқ.
Жиында “Мәмбетов және К” КС-нің бас директоры Еркебұлан Мәмбе­тов “Nur Otan” партиясы саяси ке­ңесі отырысында айтылған міндеттерді орындау мәслихат депу­таты ретінде өзіне үлкен жауапкер­шілік жүктейтінін жеткізді. Жиын соңында Юрий Белоног облыстық мәслихаттағы пар­тиялық фракцияның жетекшісі бо­лып сайланды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp