
Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің делегаттары Президент сайлауына түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Съезд жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, өңірлерден сайланған делегаттар, жалпы 1500-ден астам адам қатысты.
Үстіміздегі аптада тағы бірнеше партияның съездері өтеді. Ертең «Ақ жол» партиясы ұсынатын кандидаттың есімі белгілі болады. Одан кейін сәуірдің 25-і — «Ауыл» партиясы, 26-сында — Қазақстан халықтық коммунистік партиясының съездері өтеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну сәуірдің 28-не дейін жалғасады.