«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«NUR OTAN» ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН БЕКІТТІ

Бүгін  «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің делегаттары Президент сайлауына түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан қолдап, дауыс берді.  

Съезд жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, өңірлерден сайланған делегаттар, жалпы 1500-ден астам адам қатысты.

Үстіміздегі аптада тағы бірнеше партияның съездері өтеді. Ертең «Ақ жол» партиясы ұсынатын кандидаттың есімі белгілі болады. Одан кейін сәуірдің 25-і — «Ауыл» партиясы, 26-сында — Қазақстан халықтық коммунистік партиясының съездері өтеді.

Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну сәуірдің 28-не дейін жалғасады.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp