• “Everest Poker” компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы онлайн-покер ойыншыларының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анықтады;
• Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіруге береді екен. Тегін. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды;
• Норвегияда жоғары білімді тегін алуға болады. Сондай-ақ, студентке кредит беріледі;
• Францияның Нант қаласындағы университетте студенттің түскі демалысы үшін арнайы бөлме бөлінген. Кез келген уақытта студент сол бөлмеге барып, тыныға алады;
• Қазіргі кезде жоғары оқу орындарына оқуға түсейін деп жүрген жастарға қатысты қолданылатын “талапкер” сөзі латын тілінен аударғанда, керісінше университет тамамдайын деп жатқан болашақ түлек дегенді білдіреді;
• Гонконг университетінің студенттер асханасында емтихан уақытында алма мен алмадан жасалған тағамдар ұсыну – әдетке айналған. Қытай тілінде “ping guo” сөзі “алма” және “қауіпсіздік” деген қос мағынаға ие.
• АҚШ-тағы Принстон университетінде студенттер жазбаша емтиханды оқытушының қадағалауынсыз тапсырады. Оқу орнындағы “Адалдық кодексіне” сәйкес студенттер бірінші курста емтиханда көшірмей, адал тапсыруға уәде береді;
• Швецияда студенттердің орта жасы – 25,5.