«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

QUTTYQTAÝ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке егемен еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерен еңбегі үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген қазақстандықтардың ерекше құрметін білдіреді.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің сәулетшісі саналады.
Тұңғыш Президент Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін бар қажыр-қайратымен халқымызды біріктіріп, ең қиын және дағдарысты жылдары этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға қол жеткізді.
Елбасы ұлт мақтанышының символына және барлық өңірлер үшін дамудың үлгісіне айналған жаңа астананы салды.
Еліміздің Тұңғыш Президенті әрқашан өз халқымен бірге және солай болып қала береді. Нұрсұлтан Әбішұлы жаһандық коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты қазақстандықтарға жақсылық пен амандық тілеп, бізді табандылық пен оптимизмге шабыттандырды, жан-жақты қолдау көрсетті.
Бұл мереке біздің жүрегімізге бірлік пен болашаққа деген сенімділікті ұялатып, кең-байтақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеп дамуына әркім атсалысуы қажеттігін білдіреді.
Осы салтанатты күні барлық солтүстікқазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан
 облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp