«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“QYZYLJAR” ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

 

Солтүстік Қазақстан облысында “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов “Facebook” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлiмдедi. 

“Құрметтi достар, жағымды жаңалығыммен бөлiспекпін. Бүгiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл – Солтүстiк Қазақстан облысы үшiн ерекше маңызға ие оқиға. Арнайы экономикалық аймақ аясында заманауи және экспортқа бағытталған өндiрiстер пайда болып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 160 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Экономикалық аймақ 25 жыл жұмыс iстейдi, осы уақытта 1,5 триллион теңгенiң өнiмi шығарылмақ”, – деп жазды Құмар Ақсақалов.

Бұл – Ресей мен Қазақстанның шекаралас өңірлерінде құрылған алғашқы экономикалық аймақ. Оған азық-түлік, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника және машина жасау саласында өнiм шығару және өңдеу салалары кiредi. Бизнеске салық жеңiлдiктерi жасалады, мемлекет барлық инфрақұрылымды дамытады.
“Бiз шетелдiк, соның ішінде ресейлiк және өзіміздің отандық инвесторлар қызығушылық танытады деген сенімдеміз. Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы Солтүстік Қазақстан облысының дамуына тың серпiн береді”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp