«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«QYZYLJAR» ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТТІ

«QYZYLJAR» футбол клубы елімізде алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшті. Спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың активтерін жекеге беру туралы келісімге қол қойылды.

Құжат «QYZYLJAR» фут­бол командасының Қазақстан футбол федерациясы­ның, FIFA және UEFA-ның қолдауымен өтетін жарыс­тарға қатысуына байланысты құқықтары мен міндеттерінің жекеге өткенін білдіреді.

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсыр­масын іске асыру шеңберінде енді «QYZYLJAR» футбол клубының инвесторы кәсіп­кер Сергей Кан болады. Та­раптар барлық жарыстарға қатысу құқығын берумен қа­тар, клуб атауын сақтау тура­лы уағдаластықтарға қол жеткізді. Сондай-ақ Петро­павл тұрғындарының сүйікті футбол командасы бұрынғы­дай қызыл-қара түсті жейде­мен ойнайтын болады.

Клубтың бұрынғы құқық иесі Қазақстан футбол феде­рациясы, FIFA, UEFA және CAS заңды (сот) органда­рында қаралатын істерге, сондай-ақ құқықтар мен міндеттер берілгенге дейін туындаған істер бойынша жағымсыз салдардың туын­дауын болдырмауға міндет­тенеді. Ал мұндай даулар туындаған жағдайда алдын­ғы құқық иесі оларды өз күшімен шешуі тиіс.

Клубты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп қаржыландыру тура­лы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ команда­ның негізгі құрамы тұратын үй және жаңа спорттық база салу жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру клубтың материалдық-техникалық базасын ны­ғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Қара­сай» стадионы клубтың сенімгерлік басқаруына беріледі. Қазіргі уақытта уәкі­летті органдармен келіссөз­дер және келісу рәсімдері жүргізілуде. Стадионды клубтың басқаруына беру инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, оқу-жаттығу жиындары мен матчтарды өткізу үшін жағдай жасауға, сондай-ақ өңірде басқа да іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«QYZYLJAR» футбол ко­мандасының бас менеджері болып Әлішер Апсалямов тағайындалды. Ол – бұған дейін «Sarajevo» (Босния және Герцеговина), «Cardiff City» (Уэльс), «Қайрат» (Ал­маты), «Каспий» (Ақтау), «Атырау» (Атырау), «Тобыл» (Қостанай) футбол клубта­рында еңбек еткен тәжіри­белі маман.

«QYZYLJAR» футболшы­лары жақында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанады, бір жарым ай ішінде алдағы маусымда ойнайтын команданың құрамы айқындалады. Клуб менеджменті қа­зақстандық және халықаралық нарықты зерделей отырып, футболшыларды мұқият ірік­тейтін болады», – деп атап өтті Әлішер Апсалямов.

Команда жаңа маусымды жаңартылған форматта – жеке отандық инвестормен, күшейтілген құраммен және фут­болды дамытуға деген зама­науи көзқараспен бастайды.

Әнуарбек АМАНОВ,

«QYZYLJAR» футбол

клубының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp