«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Taǵaıyndaý

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Марат Қосылұлы Омаров мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Марат Қосылұлы 1963 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданындағы (қазіргі Жамбыл ауданы) Пресновка ауылында туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик, экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

Көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды.

2012-2015 жылдары Шал ақын ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы цехының басшысы болып еңбек етті.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Асқар Жаркеұлы Қылышбеков Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асқар Жаркеұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Қазақстан экономика менеджменті және болжам институтын іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша тамамдаған.

2017-2019 жылдары Беларусь Республикасындағы “Кедентрассервис” акционерлік қоғамы өкілдігінің басшысы болып қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін “Компания “КЕМЕ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тасымал жөніндегі менеджері лауазымын атқарды.

* * *

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Рауза Иванқызы Қасенова Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Рауза Иванқызы 1965 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында туған.

Көкшетау мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша тамамдаған.

Осы тағайындауға дейін облыстық дін істері басқармасы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp