«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Taǵaıyndaý

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Медет Дулатұлы Оспанов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Медет Дулатұлы 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылында туған. Академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін және Қазақстан-Ресей университет тамамдаған. Тарих, құқық және экономика мамандықтарын меңгерген.

Еңбек жолын 2006 жылы Петропавлдағы әл-Фараби мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007-2011 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында, облыс әкімінің аппаратында бас маман болып істеді. 2011-2014 жылдары Шал ақын ауданы әкімінің аппарат басшысы, ал 2014-2015 жылдары Тайынша ауданы әкімінің аппарат басшысы және аталмыш аудан әкімінің құрылыс, ауыл шаруашылығы және жедел сұрақтар бойынша орынбасары болып қызмет етті.

2017 жылдан осы тағайындауға дейін Уәлиханов ауданының әкімі қызметін атқарды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp