Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Қабдрахман Еркенұлы Сақтағанов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қабдрахман Еркенұлы 1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын “Емдеу ісі” мамандығы бойынша тамамдаған. “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Жалпы хирургия” мамандықтары бойынша жоғары білікті маман. 2007 жылы оған медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
1986 жылдан бастап Петропавл қаласындағы №1 қалалық біріккен ауруханада хирург болып еңбек етті. 1993-1996 жылдар аралығында хирургиялық бөлімнің ординаторы қызметін атқарды. 1996 жылдан 2000 жылға дейін облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары болды. 2010-2014 жылдар аралығында “Көп бейінді қалалық аурухана” ШЖҚ КМК-нің “бас дәрігері қызметін атқарды.
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін “Облыстық онкологиялық диспансер” ШЖҚ КМК-нің бас дәрігері қызметін атқарды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.