«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“TELEGRAM” АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ САТҚАН

Полицейлер 500 грамға жуық синтетикалық есірткі сатқан облыс орталығының 29 жасар тұрғынын құрықтады. Бұрын есірткі қылмысы үшін сот­ты болған қала тұрғыны “Teleg­ram” мессенджерінде арнайы па­рақша ашып, 3,5 мың желі қол­данушысын жинаған. Осы онлайн-ресурс арқылы қа­ла­ның түрлі шағынаудандарында жа­сырын түрде синтетикалық есірт­кі сатумен айналысқан.

Күдікті Петропавл қала­сы­ның орталығында ұсталды. Ол отырған таксиді тексеру кезінде бірнеше грамм синтетикалық есірткі табылды. Сонымен қатар пәтерінде 400 грамнан аса спайс сақтаған. Сондай-ақ, оның үйінен синтетикалық есірткі дайын­дауға арналған концентрат, электронды таразы, бөлшектеп салатын материалдар, ұялы телефон және ноутбук тәркіленді. 

– Есірткі сату фактісі бойын­ша Қылмыстық кодекстің 297-ба­бымен сотқа дейінгі тергеу жүр­­гізілуде. Ұсталған адам Пет­ро­павл қалалық полиция бас­қар­­ма­сының уақытша ұстау оқ­шау­лағышына қамауға алын­ды. Бұрын ол есірткі сақтағаны үшін сотталған, былтырғы жыл­дың көктемінде бостандыққа шық­қан, – деді есірткі қылмы­сына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов.
Жыл басы­нан полицейлер есірткі бизнесі саласында 37 қылмыстық істі анықтады. 1 400 грамнан аса түрлі есірткі заттары алынды.   

Сурет https://otyrar.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp