Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада “UFC” ұйымымен келісімшартқа отырады.
Бұл жайында ресейлік спорт журналисі Игорь Лазорин өзінің “Телеграм” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Қазіргі кезде келіссөздердің соңғы кезеңі өтуде. Егер америкалық промоушенмен келіссөздер сәтті өтетін болса, Жалғас “UFC”-дегі екінші қазақстандық атанады. Біріншісі – Шавкат Рахмонов.