ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттық айыру белгілері мен жазулары бар патрульдік автокөліктердің стандарттарын әзірледі.
Стандартты белгілерден басқа, мұндай автокөліктің алдыңғы жағындағы есіктерінде «ZANGA QYZMET ETEMIZ» деген жазуы бар патрульдік полицияның эмблемасы салынады.
Халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін автомобильдің артқы бүйіріне кезекші бөлімнің немесе аудандық полиция бөлімшесінің жедел кезекшісінің телефон нөмірлері жазылады.
Автопатрульдердің борттық нөмірлері, әлемдік полиция стандарттарына сәйкес, нарядтарды тиімді басқару үшін артқы есіктерде және автокөліктің жүксалғышында орналасады.
Полиция департаменттеріне патрульдік полицияның барлық автокөліктерін жылдың соңына дейін бекітілген стандартқа сәйкестендіру тапсырылды.
Жаңа ақпараттық белгілерді салуға қосымша шығындар талап етілмейді. Өзгерістер автокөлікті пайдалануға бұрын бөлінген қаражат есебінен енгізіледі.
inform.kz