«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛЫ ӨРТТЕН БОЛДЫ

Кеше кешкісін Петропавл қаласындағы Мичурин көшесіндегі 6/1 мекенжайында орналасқан екі қабатты 6 пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. 

Оқиға орнына №4, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің және Петропавл қалалық бөлімшелерінің қызметкерлері келіп жеткен кезде, тұрғын үйді қою қара түтін басып, қабырғалары мен төбесі қызыл жалынға оранған еді. Тілсіз жаумен күрес барысында оқиға орнынан 1971 жылы туған ер азамат құтқарылып, №3 қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. 1948 жылы туған үй иесінің жансыз денесі табылды.
Өрт салдарынан үйдің төбесі, есік-терезесі, тұрғындардың үй жиһазы мен тұрмыстық техникасы, жеке заттары зақымданды.
От шарпыған үйден 11 адам далаға шығарылды, оның 1-і – бала. Үш газ баллонын өртсөндірушілер дер кезінде сыртқа алып шығып үлгерді.
Оқыс оқиғаның себебі мен одан келген материалдық шығын көлемі анықталуда. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Жыл басынан бері облыс аумағында өрт салдарынан 39 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Келген шығын 65 млн. теңгеден астам. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp