Бүгін Астанада VІІІ Азаматтық форум өз жұмысын бастады.
Жиынға 800-ден астам адам қатысуда. VІІІ Азаматтық форумның күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе – азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасы жобасын талқылау. Елбасының қатысуымен өтіп жатқан ауқымды шара екі күнге созылып, семинарлар, шеберлік сағаттары, дөңгелек столдар, пікірталас алаңдары, салалық министрліктер және ведомстволар басшыларымен кездесулер ұйымдастырылады.
https://www.inform.kz/kz/astanada-viii-azamattyk-forum-bastaldy_a3466991