«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗИЯ ҮЗДІГІ

Биылғы маусымды қорытындылаған халықаралық велоспорт одағының жаңартылған рейтингісі жарияланып, солтүстікқазақстандық спортшы, “Астана” велокомандасының мүшесі Алексей Луценко “UCI Asia Tour” рейтингісінде үздік деп танылды.

Петропавлдық велошабандоз биылғы маусымда 655 ұпай жинап, қарсыластарынан озық тұр. Рейтингтегі екінші орынды 517 ұпай еншілеген Австралияның өкілі Бенджамин Дибэлл иеленді. Үшінші орында – Артем Овечкин. Ресей спортшысы 484 ұпайды қоржынға салды.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы да ұлттық рейтингте көш бастады. Біздің команда қоржынында 1611,25 ұпай бар.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp