Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында өткен республикалық “Абай-Махамбет” оқуларының облыстық кезеңіне Айыртау ауданының 6 оқушысы түрлі аталымдар бойынша қатысты. Оның екеуі республикалық кезеңге жолдама алып, біреуі жүлделі орынды қанжығасына байлады.
Биыл да Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары Айкүміс Тілегенова (11-сынып) Махамбет оқуларының “Тартынбай сөйлер асылмын”, Айдын Нәжкен (9-сынып) Абай, Шәкәрім оқуларының “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” аталымдарында І орынды жеңіп алды. Дәуқара орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Құрмаш “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” аталымында ІІ орынды иеленді.
“Шәкірт озса – ұстаз мерейі” дегендей, бұл оқушылар өздері оқитын мектептері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беріп жүрген ұстаздары Қасым Нұрғалиевтің, Сая Қажыкенованың, жас ұстаз Руслан Дөкетбаевтың есімдерін асқақтатып жүр.
Балжан БАЙМАҒАМБЕТОВА,
Айыртау аудандық Білім бөлімі әдістемелік
кабинетінің әдіскері.