«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

Қызылжарлық спортшылар Тараз қаласында акробатикадан өткен ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Жарысқа 8 қаладан 140 спортшы қатысты.  

Жарыс қорытындысы бойынша аралас жұптар арасында Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаева алтын медальді жеңіп алса, қыздар арасында Алина Әбутәліпова мен Алина Гасимова күміс алқаға қол жеткізді.

Жерлестеріміз алдағы уақытта Қытайда өтетін Азия біріншілігіне қатыспақ.

Акробаттарды дүбірлі додаға Андрей Ямпольский бастаған бапкерлер бригадасы жаттықтырған.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp