«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКЦИЯ АУҚЫМЫ ӘЛДЕҚАЙДА КЕҢ

Еліміздің тарихында бұрын-соңды кездеспеген былтырғы су тасқыны бәрімізге ауыр тиді, бір жағынан сабақ болды. Мемлекет тарапынан қабылданған шұғыл шаралардың арқасында адам шығынына жол берілген жоқ. Алапат тасқынды еңсеру жолында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының маңайына топтасқан жергілікті этностар жұдырықтай жұмылып, алапат тасқыннан зардап шеккен отбасыларға материалдық та, моральдық та зор қолдау көрсетті. Түрлі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Осы жылы тұңғыш рет қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде қоршаған ортаны аялаудың жақсы бастамалары кеңінен қанат жайды. Десек те, осы бағыттағы шаралардың мән-маңызын жете түсінбей жүрген секілдіміз. Оның ауқымдылығы әлдеқайда кең. Көбіне көшелер мен аулаларды ретке келтіру, күл-қоқыстарды сыртқа шығару, көшет отырғызумен ғана шектеліп қалдық.

Ойымды Президенттің «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа қағидаттарын енгізу идеясынан бастау алады деген сөздерімен толықтыратын болсам, мұның кезекті науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екені айқындала түседі. Бұл орайда, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге деген қасаң ұстанымнан, жағымсыз әдеттен арылып, тазалықты сақтау және табиғатты құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мақсаты тұрғанын аңғарамыз.

Осы ретте алдымызда «Таза Қазақстан» идеясын ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналдыру міндеті тұрғанын естен шығармай ық.

Хұдайберген АФАНДИЕВ,

«Барбанг» күрдтер қауымдастығы облыстық этномәдени орталығының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp