Тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрі тапсыру басталған күн – сәуірдің 10-нан бері солтүстікқазақстандықтар өз үйлерінде ешбір құжатсыз сақталған 114 қару мен бір мыңнан астам патрондарды өз еріктерімен ішкі істер органдарына әкеліп берген.
Оларға мемлекет бюджетінен арнайы бөлінген қаржы есебінен 2 млн теңге мөлшерінде сыйақы есептелді.. Ең бастысы, тұрғындар тіркелмеген қару үшін жазаға тартылудан құтылды.