«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫ

Үстіміздегі жылдың маусым айында Петропавл қаласының тұрғыны интернет арқылы ша­ғын несие беру ұйымынан 22 мың теңге көлемінде несие ре­сім­деген. Ол үшін алаяқ құрбы­сының пәтерде қараусыз жатқан жеке куәлігін және банк картасын пайдаланған. Кейін құрбысына туыстары оның картасына қар­жы аударатынын айтқан. Жәбір­ленуші картасына түскен 22 мың теңгені алып берген. Алаяқтың қулық іс-әрекеті жә­бір­ленушіге несие төлеу қажеттігі жөнінде хабарламалар келіп түс­кен кезде әшкереленген.

Облыстық криминалдық по­ли­ция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция ма­йоры Марат Жұмалиев қаскөйлердің жәбірле­ну­­шілердің жеке мәліметтерін пайдаланып, алаяқтық жасауы жиі­леп кеткенін айтады. Интернет арқылы мәміле жасаған уақытта жеке ба­сын куәландыратын құжаттар­дың немесе түбіртектер мен чек­тердің фотосуреттерін талап етеді. Яғни, жеке куәліктегі фото­суреттің өзі біреудің атына несие ресімдеуге жеткілікті екен.
Сонымен қатар қазіргі таңда алаяқтар интернет арқылы қан­дай да бір тауарды сатып алаты­нын және алдын ала төлем жасай­тынын алға тартып, сатушы­ның ұялы телефонына SMS-ха­барлама арқылы келіп түскен кодты сұрайды. Іс жүзінде атал­ған код арқылы қаскөй аңғал сатушының барлық жеке дерек­теріне қол жеткізіп, есепшотын­дағы қаражатын үптеп кетуі мүмкін.
Кеңінен тараған тағы бір әдіс – интернет арқылы қымбат тауар, мәселен, пәтер сатып алуға ниет­тенген адамдарды алдау. Алаяқ сатып алушының хабар­ласқанын тосады, кейін өзінің шетелде екендігін және пәтердің то­лық ақысын алған соң келеті­нін айтады. Сатып алушыға ақ­шаны өзінің кез келген туысының біріне аударып, түбіртек көшір­месін салып жіберу ұсынылады. Түбіртектің көшірмесін алған соң алаяқ кез келген жерде ақ­шаны ала алады.
Алаяқтардың арбауына түс­пеудің жалғыз тәсілі – өзіңіздің деректеріңізді құпия ұстау, жеке куәліктің, банк карталарының, төлем жасалғандығы жөніндегі чектер мен түбіртектердің фото­суреттерін бермеу, SMS-хабарлама арқылы келіп түсетін пин-кодтар мен құпия сөздерді еш­кім­ге айтпау. Жыл басынан тәр­тіп сақшылары интернет арқылы алаяқтық жасаудың 29 фак­ті­сін ашты.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp