«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫ

Елімізде коронавирус індетінің таралуына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалғандарға төлене бастаған жәрдемақыны алаяқтар алдау құралы ретінде пайдалануда. Петропавлда осы жәрдемақыны жамылып, қарияның ақшасын ұрлаған бірінші дерек тіркелді. 88 жастағы кейуананың үйіне келген белгісіз біреу өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, қарияға тиесілі жәрдемақы бар екенін хабарлаған. Кейін ол үй иесінен ішуге су сұраған. Қария асүйге кеткен кезде қаскөй кіреберісте жатқан әмияннан 7 мың теңгені қолды қылып, ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары қазіргі жағдайда жәрдемақыға қатысты түрлі қылмыстар орын алуы мүмкін екенін ескертеді. «Қаскөйлер әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ қашықтықтан қызмет көрсету және сауда жасау туралы ақпаратты пайдалана алады. Осыған орай, мемлекеттік қызметтерді тек ресми сервистерден алуға болатынын естеріңізге саламыз. «Көмек көрсетемін» деген адамдармен байланыс жасамаған жөн», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp