Петропавлда 20 қазан күні таңғы сағат 7-де Универсальный көшесіндегі темір жол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты.
Оқиға темір жол бойында қойылған бейнекамераға түсіп қалған. Сол бойынша анықтаушылар материалдарды жинастыра келе, автобустың жүргізушісі бағдаршамның тоқтау жөніндегі дабылын және пойыз қозғалысын реттеушілердің талаптарын қаперіне алмастан, өткелден өтпек болған.
Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Дес бергенде, автобуста жолаушылар болмаған.
Автобустың 55 жасар жүргізушісінің үстінен әкімшілік іс қозғалып, қалалық сотқа жіберілді.
Әбілсейіт ЖОЛАУШИН, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы.