«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМА — ПОЛИЦИЯ АРУЫ

Облыстық ішкі істер департаментінде алғаш рет өткізілген “Полиция аруы” байқауында әскери кительдерін асүй киіміне, би костюмі мен кешкі көйлектерге ауыстырған ақылы көркіне сай алты ару бақтарын сынға салды. Танысу, ұлттық және кешкі көйлектердің сән үлгілерін көрсету, үй тапсырмасы, шығармашылық байқау және блиц-сауалнама сияқты кезеңдерден тұрған сында бар өнерлерін көрсеткен полицей қыздар әрбір тапсырманы қызметтік міндеттей тап-тұйнақтай орындауға тырысты.

Сахна төріне шыққан ұлттық киімдегі қатысушылар сұлулығымен, ақылдылығымен сынға түскен қыздарға баға беріп, арасынан нағыз аруды анықтау қазыларға оңай болған жоқ. Сын сағатта сайысқа қатысушылар бір-бірінен асып түсті. Тартысты өткен байқаудың бас жүлдесі және “Полиция аруы” атағы Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі Алма Мұхамеджановаға бұйырды. Өзге қатысушылар бірнеше аталымдар бойынша көрермендер көзайымына айналып, сый-сияпатқа ие болды.

Салтанатты шара мұнымен аяқталған жоқ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция саласындағы мінсіз қызметі үшін – 20, облыстық ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен 50 полицей қыз-келіншек марапатталды.

Айтулы мерекеге арналған кеште сала ардагерлері де тиісті сый-құрметке ие болды.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp