«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Петропавлда жасөспірімдер арасында муайтайдан республикалық турнир өтті. Өңірімізде осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған “Солтүстік кубогы” сайысына еліміздің 7 облысынан жиналған 200-ге жуық спортшы қатысты. Ал өңір намысын 45 жерлесіміз қорғады.

Үш күнге жалғасқан доданың қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы жалпы есепте көш бастады. Жерлестеріміз жеңімпаздар тұғырының екінші сатысына табан тіресе, астаналық муайтайшылар үздік үштікті түйіндеді.  

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp