«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ӘДІСТЕРІ

Қазіргі уақытта автокөлік қозғалысының өсуіне байланысты жол-көлік апаттарының саны да көбейіп отыр. Осындай апатты жағдайларға душар болған адамдарға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы аса зор. Өйткені, дұрыс көрсетілген алғашқы көмектен кейін ол адамның өмірін сақтап қалуға болады.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін жарақаттанған адамды ашық орынға шығару, жерге жатқызу керек. Ол есін білмесе, қырынан аяғын бүгіп жатқызу қажет. Кеуде сүйегі зақым алғанда адамды ауырған бүйір жағына жатқызады. Ал кеуде сүйектің екі жағы бірдей зақымданса, онда ол адамды жартылай не етпетінен жатқызған дұрыс. Қан тамыры соқпаса, басын төмен қаратып, аяғын жоғары көтеру қажет. Тыныс алмаса немесе жүрек соқпай қалса, қолдан дем алдырып, жүрекке массаж жасау қажет. Бұған қоса бір рет ауыздан үрлеп, кеуде сүйекті басу керек. Аққан қанды тоқтату қажет. Аяқ сүйегі сынғанда, жарақаттанған жерді қозғалмайтындай етіп, екі жағынан қатты нәрсе салып, байлап тастаған жөн. Жазатайым жағдайға түсіп, денсаулығына қауіп төнген адамға дұрыс жасалған алғашқы медициналық көмек оның өмірін аман сақтап қалатындығын есіңізден шығармаңыз.

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,

дәрігер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp