«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Аудандық жастар бастамалары орталығы мамандарының ұйымдастыруымен еріктілер, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған тимуровшылар командалары қытымыр қыс айларында Н.Н. Щетинин, В.И. Побуранова, А.А. Несветеева, И.Е. Максимов сынды ардагерлердің үйлерінің аулалары мен шатырларын қардан тазартты. Бұл олардың алғашқы көмектері емес. Жастар бастамалары орталығы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің жағдайына қарайласып, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуді басты назарда ұстайды.

“Қарт пен баланың көңілі ұқсас” деген сөздің жаны бар. Бұл жолы да тимуровшылар командаларының қамқорлығына баладай қуанған алдыңғы толқын өкілдері көмекшілерін алғысқа бөледі. Бірауыз жылы сөзге қуанып, бір атым насыбайдан көңілдерін кірбің шалып қалатын бала жүректі қариялардың бабын табу оңай емес. Дегенмен, саумалкөлдік еріктілер мен тимуровшылар командалары саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттардың көңіл кілтін тауып, реті келгенде олардың үйлеріне арнайы келіп, бірі суын тасыса, екіншісі дүкеннен азық-түлігін жеткізіп береді.

Қыстың суығында үйден қарға адым аттап шыға алмай отырған жандардың үлгі боларлық өмірі мен еңбек жолдары туралы әңгімелерін тыңдайды. “Қарты бар елдің қазынасы бар” дегендей, олардың өмір жолы өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болса, біздің міндетіміз – үлкендерге әдеп пен сый құрмет көрсетуді естен шығармау. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай өз жалғасын табады.

Әйгерім ОМАРОВА,

аудандық жастар бастамалары

орталығының кеңесшісі.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp